"Ақпараттық кабельдік желілер" құзыреттілік орталығында аттас құзыреттілік бойынша "WorldSkills Pavlodar – 2023" өңірлік кезеңі өткізілді. Құзыреттілік орталығы WorldSkills стандарттары бойынша чемпионаттарды өткізу үшін барлық қажетті құралдармен жабдықталған. Биыл чемпионатқа С-320 тобының студенті  Ережепов Улан, СБ-212 тобының студенті  Кусаинов Руслан және СБ-311 тобының студенті  Тұтқышбаев Ануар қатысты. Конкурстық тапсырма екі күн мерзімде орындалды. Қатысушылар талшықты-оптикалық және мыс кабельдерді монтаждау, IP бейнекамераларды қосу және орнату дағдыларын көрсетті. Қатысушыларды дайындау мен бағалауға "Қазақтелеком" АҚ колледжінің әлеуметтік серіктестігінің өкілдері қатысты. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаз Павлодар облысын осы құзыретте ұсынады.

@bilim_basqarmasy

@worldskills_pavlodar

  • 17 апр, 2023