Облыстағы 8 колледжде «Колледждерге арналған ERG» жобасы іске қосылды. Жоба ERG өндірістік қажеттіліктері үшін колледждерге техникалық және кәсіптік білімі бар «әмбебап мамандарды» дайындауға мүмкіндік береді.Павлодар облысының әкімдігі мен ERG арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында облыстағы 10 колледжге жалпы сомасы 200 млн.теңгеге оқу кабинеттері мен зертханалар үшін құрал-жабдықтарды сатып алу.2023 жылы 25 басшы, 30 басшының орынбасары, 30 әдіскер, 19 психолог, 22 дене шынықтыру мұғалімі, 275 жалпы білім беретін пән мұғалімдері және 430 арнайы пән мұғалімдері мен өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылып, өткізілді. WordSkillsKazakhstan-2023 республикалық кәсіби шеберлік байқауында облыс командасы өнер көрсетіп, командалық 5-орынға ие болды.