«Жоғары электроника және коммуникация» колледжінің 2 курс студенті Соколова Арина Дмитриевна 1203000: «Тасымалдауды ұйымдастыру және темір жол транспортындағы қозғалысты басқару»  мамандығы бойынша дәріс алуда.  Арина биылғы «Қазақстан Республикасы колледждерінің 100 үздік студенті» конкурсында бақ сынайды. 
Арина ақпараттық технологиялар кеңістігін мейілінше игеріп, елге қажет маман болуды көптен бері армандайды. Осынай асқақ арманға иек артқан ол,  2020 жылы №43 ЖББМ  - нің 9 сыныбын тәмамдаған соң, «Жоғары электроника және коммуникация» колледжіне оқуға түсті. Талапшыл жас оқуда ғана емес, колледждің қоғамдық өмірінде де белсенділігімен көзге түсуде: түрлі сайыстар мен олипиадаларға үзбей қатысады.  «Алдыңғы буын спортшылардың жетістіктері мені қанаттандыра түседі, мен де биіктерді бағындырғым келеді»,  - дейді ол өзі туралы.  Айтуынша, дене шынықтыру және спортпен шұғылдану – адамның тұлға болып қалыптасуына, мақсатқа ұмытылуына, қиындықтарды еңсеруінде көп көмегін тигізеді.   
2019 жылы 600 метр қашықтық бойынша жеңіл атлетикадан ҚР Чемпионатына қатысып,  күміс жүлдегер атанса, 2021 жылы 4*400 м  эстафеталық жаяу жүгіруден Қазақстан чемпионы атанып, қола жүлдеге ие болды.  
Арина Соколова  - «Елбасы медалі» жобасының қатысушысы: «Қола» деңгей.  Ендігі жерде осы жобаның «Алтын» деңгейіне  жету үшін күш салуда.   


 

Қымбатты, достар! Аринаға  бір ауыздан дауыс берейік!   https://kasipkor.kz/prod/top100/student.php?id=123

  • 02 ноя, 2021