2022 жылдың 14 ақпаны  күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні қарсаңында колледжімізде Ауған соғысына қатысушы, кәсіби әскери қызметші Марат Қабдылмажитұлы Исенов және Сергей Викторович Имильяновпен кездесу кеші өтті.  
Ауған соғысы 1989 жылы 15 ақпанда аяқталды. Бірақ Жыл сайын бұл күні жүздеген Ауған соғысының ардагерлері интернационалист-жауынгерлер ескерткіші жанына жиналып, қаза тапқан сарбаздарды еске алады, тірі қалған жауынгер достарымен кездеседі. 
Қонақтар Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 33 жыл өткеннен кейінгі қазіргі өмірлері туралы айтып, сол кездегі естеліктермен бөлісті, бейбіт өмірдің қаншалықты маңызды екенін айтты.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қонақтар ықыласпен жауап берді.
Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күнін атап өте отырып, Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысқан жауынгерлерге зор денсаулық тілейміз. Сіздердің ерліктеріңізді мәңгі есте сақтаймыз.

  

  • 15 фев, 2022