Ағымдағы жылдың 1 ақпанында Павлодар қаласындағы «Жоғары электроника және коммуникациялар» ШЖҚ  МКМ  Тарих және Құқық негіздері пәндерінің мұғалімдері  Б.Ж.Жылқыбаев пен Д.Ж. Жақанова  барлық мамандықтар бойынша оқып жатқан бірінші және екінші курс студенттері үшін онлайн форматта «Сенің таңдау құқығың» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. Оған колледждің 158 шәкірті, торптардың сынып жетекшілері және Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі   Гуторов Сергей Алексеевич қатысты.

 

Іс-шара 2022 жылға арналған Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясының жастарға электоральдық - құқықтық ақпарат беру жөніндегі жоспарына сай мемлекеттік және орыс тілінде жүргізілді.  

Іс – шараның негізгі мақсатыжастарға сайлау және сайлану құқы жөніндегі ҚР заңнамалық актілері жөнінде түсінік беру. Сайлауды өткізу тәртібі және сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жөнінде, сонымен қатар сайлаушылар құқығы жөнінде ақпарат берілді.

Мұнан өзге, жұмыс күні бойына колледжде «Ашық есік күні» өткізіліп, оған №31 аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Д.Ж.Жақанова  және төрағаның орынбасары Х.И. Айғазинов, сонымен қатар АСК мүшесі  Е.В. Соколова қатысты.

  • 01 фев, 2022