Біздің колледжде сәуір айының   19  мен 23 аралығында оқытушылар арасында «Үздік педагог» байқауының 1 кезеңі  өтті. Байқауға  арнайы пән оқытушылары Габбасов Б.Д., Искаков Р.Х. және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Омарова Қ.А. қатысты.                                 

Байқаудың мақсаты: оқытушы кәсібінің мәртебесін арттыру, кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашылық педагогтарды анықтау және қолдау.

Байқау барысында оқытушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, шеберліктерін көрсете білді. Комиссия құрамының шешімі бойынша байқауға қатысушылар арасынан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Омарова Куралай Аманжоловна колледжіміздің «Үздік педагогы» атанды.

Комиссия мүшелері  жеңімпаз педагогқа алдағы болатын облыстық  байқаудан сүрінбей өтуіне тілек білдірді.

  • 26 апр, 2021