30 наурыз күні сағат 10.00-де «Жоғарғы электроника және коммуникациялар» колледжі ШЖҚ МКК базасында студенттер «Тәлімгер» ҚБ  басшысы Жанат Сарбасовтың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті қалыптастыру және парасаттылық» тақырыбында кездесу өткізді. Іс-шара Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу Агенттігі Департаментінің қолдауымен ұйымдастырылды. 
Кездесу барысында спикер студенттерге елімізде жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалар жайында әңгімелеп, жемқорлықтың орны толмас салдары туралы айтты. 

 

Мұнан өзге Ж.А.Сарбасов «Тәлімгер» ҚБ жұмыс бағыты, бұл реттегі студенттердің қоғам дамуындағы көрнекі ролі жөніндегі ақпаратты ортаға салды. Спикер академиялық адалдық қағидаттары туралы айта келе, студенттерді жоғары оқу орындарындағы жемқорлықтың алдын алуға ат салысуға шақырды. Шара соңында студенттер тағылымды кездесуді ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

  • 30 мар, 2022