"Теміржол автоматикасы және телемеханика құрылғыларына қызмет көрсету және жөндеу" құзыреттілігі бойынша демонстрациялық емтиханды іске қосу.

Әлеуметтік серіктес «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Павлодар магистральдық желі филиалы» Павлодар сигнализациясы және байланыс дистанциясының базасында "Автоматика, телемеханика және теміржол көлігіндегі қозғалысты басқару" мамандығының студенттері алғаш рет демонстрациялық емтихан тапсырды. Арнайы пәндер оқытушысы В.В. Исаенкомен әзірлеген тапсырмаға сәйкес кәсіпорын базасында студенттердің дайындығы жүргізілді. Студенттер үш модульден тұратын тапсырманы орындады: электр жетегін реттеу жұмыстарын құрастыру, монтаждау және орындау. Жұмысты Н.Е. Сыдырманов – «Павлодар сигнализациясы және байланыс дистанциясының» бастығы, С.В. Кононенко – «Павлодар сигнализациясы және байланыс дистанциясының» бастығының орынбасары, А. В. Дзюбенко - «Павлодар сигнализациясы және байланыс дистанциясының» бастығының орынбасары бағалады. Демонстрациялық емтихан қорытындысы бойынша студенттер практикалық білімнің жоғары деңгейін көрсетті.

Колледж әкімшілігі демонстрациялық емтихан өткізуді жүзеге асыруда қолдау көрсеткені үшін Павлодар сигнализациясы және байланыс дистанциясы алғысын  білдіреді.

  • 29 мая, 2023