15.03.2022 Наурыз мейрамы қарсаңында колледжде "Ұлттық ойындар" спорт сайысы өтті. Додалы жарыста "Торпеда" (Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету бөлімі), "Хищники" (АТ және байланыс бөлімі), “Комета" (жол шаруашылығы және вагон шаруашылығы бөлімі), "Педагог" (колледж ұстаздары) атты төрт команда өзара бақ сынасты. Спорттық шараның мақсаты - ұлттық ойындар арқылы туған өлке табиғаты мен тарихына, тұрмыс-салтына деген қызығушылықты арттыру; - шыдамдылық, ептілік, жылдамдық және психологиялық дайындыққа баулу, достық қарым-қатынасқа үндеу. Командалар "Асық ату", "Арқан тарту", "Армреслинг", "Сюрприз" ойындары бойынша бақ сынасты. Қатысушылардың барлығы жарысқа ерекше дайындықпен келгендерін байқатты. Сайыс нәтижесінде: "Торпеда" командасы 1 орынға, "Комета" командасы 2 орынға ие болды. Ал "Хищники" және" Педагог" командалары 3 орынды өзара бөліп алды. Наурыз құтты болсын!

  • 17 мар, 2022