Екі күн ішінде 2020 жылғы 26-27 қазан аралығында "WorldSkills Pavlodar – 2020" өңірлік кәсіби шеберлік байқауы шеңберінде "Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі" ШЖҚ КМК базасында "Мобильді робототехника" құзыреттілігі бойынша конкурстардың бірі өткізілді, оған облыстың үш оқу орындарының командалары: Павлодар жоғары басқару колледжі, Ақпараттық технологиялар колледжі және Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі қатысты.

 

  

"WorldSkills Pavlodar-2020" аймақтық чемпионатының көптеген құзыреттіліктеріне қарағанда бұл құзыреттілікте оқу орындарын ұсынатын жеке қатысушылар емес, екі адамнан тұратын командалар қатысты. "Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі" командасының атынан Егінбай Ерғали Сағындықұлы мен Болатов Алмас Жанатұлы қатысты. Екі қатысушы да Э-417 тобының білім алушылары.

Конкурсты өткізу бағдарламасына сәйкес жарыстың бірінші күні: қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, мобильді роботтың негізгі конструкциясын жеребе тастау және құрастыру өткізілді. Бірінші күннің соңында қатысушыларға бағалау жүргізілді. Екінші күні басқару жүйелерін ретке келтіру, полигонға сынақ кіру және мобильді роботты қолмен басқару және телебасқару сияқты конкурстық тапсырмаларды орындау жүзеге асырылды. Жарыстың бірінші күніндегідей, екінші күннің соңында конкурсқа қатысушыларды бағалау жүргізілді және қорытынды шығарылды.

 

 

  

Жарыстың екі күнінің қорытындысы бойынша командалар арасындағы ұпайлар келесідей бөлінді:

- «Павлодар жоғары басқару колледжі» - 64,97;

- «Ақпараттық технологиялар колледжі» - 18,03;

- «Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі» - 16,77.

Нәтижесінде Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінің командасы "Мобильді роботехника" құзыреттілігі бойынша "WorldSkills Pavlodar – 2020" аймақтық кәсіби шеберлік конкурсында үшінші орынға ие болды.

  • 29 окт, 2020