Білім берудің 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығын орындау мақсатында, 13.06.2023 күні аралық аттестаттау шеңберінде "Теміржол көлігінің технологиясы" құзыреттілігінің WorldSkills стандарттары бойынша демонстрациялық емтихан өткізілді.

"ВагонСервис" АҚ  жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Ақмола филиалының Павлодар учаскесі" кәсіпорнының кәсіби стандарттары мен технологиялық карталары негізінде арнайы пәндер оқытушылары О.В. Карасаева мен Б.К. Шаймарданова студенттер үшін маңызды демонстрациялық емтихан тапсырмаларын әзірледі.

Кәсіби білім беру ұйымдарының білім алушыларын мемлекеттік аралық аттестаттау рәсіміне демонстрациялық емтихан форматын енгізу – бұл қосымша рәсімдерді өткізбестен кәсіптік білім беру жүйесі мен еңбек нарығының міндеттерін шешуге жәрдемдесетін кадрларды даярлау сапасын тәуелсіз бағалау моделі.

Ағымдағы 2023 оқу жылында WorldSkills стандарттары бойынша демонстрациялық емтиханға 1108000 "Темір жолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету" мамандығынан  В-320 тобының 6 үздік студенті: Еркебаев Ерболат, Жукенов Темірлан, Субач Ростислав, Тукуев Еламан,Тукуев Ислам, Рахмитулаев Әлішер қатысты.

Демо-емтиханды ойдағыдай өткізу үшін материалдық-техникалық базаны дайындауға басшының ОӨЖ бойынша орынбасары А. А. Ахметшаихов және бөлім меңгерушісі А. Б. Жекенов белсенді түрде қатысты.

Демонстрациялық емтихан кезінде студенттер өздерінің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетті: автотасымалдау механизмін бөлшектеу, құрастыру және тексеру жүргізді, доңғалақ жұбының сырғанау бетінің жай-күйін тексерді, басқарылмайтын түзеткіштің электр схемасын құрастырды және  "Жолаушылар вагондарының лектр жабдықтарының тарату қалқаны (РЖ) өткізгіш купесі бойынша жұмыс қабілеттілігін тексеру" атты күрделі тапсырманы орындады.

Студенттердің тапсырманы орындау сапасын емтихан комиссиясы мен тәуелсіз сарапшылар, "Вагонсервис" АҚ және "Қамқорвагон" АҚ кәсіпорындарының басшылары мен бас мамандары: М. Р. Рамазанов, Е. М. Давлятчин, Д. С. Жақыпбеков бағалады.

Нақты жұмыс орындарындағы демонстрациялық емтихан - бұл студенттер мен оқытушылар үшін жаңа, өте күрделі, бірақ сонымен бірге қызықты сынақ болды. Ол сәтті өтті.

  • 16 июн, 2023